Бюджет қаралды

Сессия жұмысында аудан әкімінің орынбасары Асқар Блиев, аудандық ұйымдардың басшылары, Бадамша селолық округінің әкімі, Қарғалы ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы қатысты.
Күн тәртібіндегі сұрақ: «Аудандық мәслихаттың 2016 жылдың 22 желтоқсанындағы №88 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «2017 – 2019 жылдардағы аудан бюджеті туралы» сұрақтар бойынша аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы А. Елтаева сөз сөйледі.
2017 жылға ауданның нақтыланған бюджеті бойынша шығыс 4 039 854,2 мың теңге, яғни республикалық трансферттің 7346,0 мың теңгеге артуы есебінен және 980,0 мың теңгеге облыстық бюджеттен дамуға бөлінетін трансферттердің азаюы, сонымен қатар бюджеттің 45000,0 мың теңгесі салық түсімдерінің асыра орындауының есебінен.
« Жергілікті бюджет бойынша 2017 жылға нақтыланған кіріс 3 949 000,0 мың теңге республикалық трансферттің 7346,0 мың теңгенің ұлғаюы есебінен құралды. Және облыстық бюджеттен 980,0 мың теңге трансферттің азаюының дамуына, сонымен қатар , бюджеттің кіріс бөлігі бойынша 45000,0 теңге салық түсімдерінің асыра орындалуының есебінен ұлғаюы» деп А. Елтаева атап өтті.
Алдағы жылдың 14 тамызындағы облыстық мәслихат сессиясының шешімі бойынша Қарғалы ауданы келесі өзгерістер мен шешімдерді енгізеді:
Бөлінді: Жұмысшы кадрларға қысқа мерзімді қосымша кәсіптік оқыту -7346,0 мың теңге (ОБ-дан)
Ащылысай орта мектебі,бала – бақшасының капиталды жөндеу жұмысына қосымша 40000,0 мың теңге бөлінді.
Азайтылды: Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Кемпірсай станциясының ішіне газ жүргізу құрылысы -980,0 мың теңгеден (ОБ-дан) үнем.
Бюджеттік бағдарламалар мен әкімшілік арасында құралған бюджет қаражатын ережеге сәйкес міндетті түрде бөлу керек.
№9 сайлау округінің депутаты Серік Биисов Ащылысай орта мектебі мен бала – бақшасының капиталды жөндеу жұмысы мектептегі оқу процессіне әсер ету мүмкіндігі туралы, оның өткізілу уақыты жөніндегі мәселені қозғады. Ол сөзінің соңында алдағы уақытта осыны ескеруді ұсынды.
№11 сайлау округінің депутаты Жұмабек Колжанов Петропавловка және Қос –Естек ауылдарындағы бір пәтерлік коммуналды – арендалық үйлердің құрылысында инженерлік коммуникацияның құрылыс сапасына назар аударуды ұсынды.
Бюджетті қарау барысында аудандық мәслихаттың депутаттары қойылған сұрақтарға толық жауаптар алды.
Содан соң аудандық мәслихаттың экономика, қаржы және бюджет бойынша тұрақты комиссияның мүшесі Владимир Руднев «ауданның бюджетін нактылауға әрбір көрсетілген бағдарламаларға қаражатты қайта бөлу объективті» деп атап айтты.
Аудандық мәслихаттың кезектен сессиясы қаралған сұраққа сәйкес шешім қабылдады.
Ертуған Даухаренов,
аудандық мәслихат
аппаратының басшысы