Болашағы зор шешім

2012 жылы «Қазақстан-2050» стратегиясын жариялаған Елбасы Н. Ә. Назарбаев сол кезде алғаш рет кирилл әрпіне негізделген қазақ әліпбиіне көшіру мәселесін ортаға салғаны есімізде.
Ортаға ой тастай тұра, 2025 жылы Қазақстан бұл бастаманы толықтай жүзеге асыруға тиіс деген межеде белгіленген болатын. Биыл жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламасында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарына жаңа серпін берді. Алғаш айтылғаннан бастап бұл игі бастама толық пысықталды деуге де болады. Еліміздің біраз филолог-ғалымдары ізденіп ұсыныс, пікірлерін ортаға салып халықтың көзқарасын білуденде кенде емес. Қалай десекте латын әліпбиіне көшу - заман талабы. Бұл орайда белгілі зиялы қауым өкілдерінің ойы мен қатар ауылдағылардың да көзқарасына көз тастап қойған абзал. Кейбір ересектер жағы ерінседе, жас буын бар назарымен ұғынары анық. Сөзімнің дәлеліндей бүгінгі жастар арасында салауатты өмір салты мен білімді болу үлгіге айналып, олар жаңа кәсіп игеріп, ағылшын тілін меңгеруге бар күш жігерін жұмсап жүрген жастар елімізде жетіп артылады. Латын әліпбиі еліміз үшін, еліміздің болашағы үшін өте маңызды деп білемін. Себебі техникамен ғылыми инновация кезеңінде латын әріптерін оқи алатын, латынша жаза алатын маман ғана әлемді таңғалдыра алады. Сондықтан, бұл бастаманы жұртымыздың сана сезімін арттыратын және болашағы зор шешім, деп санаймын. Сол сияқты жастар қауымы латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына сеніммен қарап, келешекке апарар әріптерді тезірек үйреніп қолдаулары керек. Көппен бірге айтарым, ұлттық жазуымызды өз еркімізге сай бүгінгі графикалық қажеттіліктерімізбен болашақтағы мүмкіндіктерімізді ескере отырып, жасақтап алу зор тарихи мүмкіндік. Осындай маңызы бар мәселені әрі тартып, бері жықпай тәуекелмен қолдап, ой-қырдағымыз біріге тарихи маңызы зор бастамадан айырылып қалмауымыз керек.
Бақыт Имашев
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Тіл жанашыры