Ақпарат

Қарғалы ауданының 2017 жылдың 9 айдың
бюджеттік қаражаттардың игерілуі және
атқарылған жұмыстар бойынша
АҢЫҚТАМА
2017 жылдың 9 айдың бюджет шығыстарының нақтыланған қаржылық жоспары 2 973 900,2 мың теңге құрды, игерілуі 2 973 212,2 мың теңгені құрады, немесе бөлінген қаражаттар 100 пайызға игерілді, игерілмеген сома 688,0 мың теңге, оның ішінде:
Республикалық бюджетінің жоспары 794 205,0 мың теңге, игерілуі 794 205,0 мың теңге құрды, немесе 100 пайыз, оның ішінде инвестициялық нысандар «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалар бойынша:
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылында жеке тұрғын үй құрылысының аумағы үшін сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша 150 000,0 мың теңгеге;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов ауылында тұрғын массивіне сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша 255 156,0 мың теңгеге;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында 5-қабатты 60-пәтерлік жалдамалы-коммуналдық тұрғын ұй салу бойынша 83 000,0 мың теңгеге;
- Қарғалы ауданы Жосалы ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту бойынша 71 598,0 мың теңгеге;
- Қарғалы ауданы Ақкөл (Приозерное) ауылында сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту бойынша 181 542,0 мың теңгеге.
Облыстық бюджетінің жоспары 415 121,0 мың теңге, игерілуі 414 920,0 мың теңге құрды, немесе 99,9 пайыз, игерілмеген сома 201,0 мың теңге (игерілмеген сома аудандық тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде құрды, от ол 2017 жылдың автокөліктер жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстардан үнемделген қаражаттар), оның ішінде инвестициялық нысандар:
- Қарғалы ауданы Жосалы ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту бойынша 28 545,0 мың теңгеге;
- Қарғалы ауданы Петропавловка және Бадамша ауылында үш бір пәтерлі және Қос-Естек ауылында екі бір пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы бойынша 56 540,0 мың теңгегег;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавловка ауылында тұрғын массивіне инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша 18 351,0 мың теңгеге;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавл ауылында жеке тұрғын үй құрылысының аумағы үшін сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша 10 000,0 мың теңгеге;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ш.Қалдаяқов ауылында тұрғын массивіне сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы бойынша 10 000,0 мың теңгеге;
- Қарғалы ауданы Кемпірсай станциясына ішкі және жеткізуші газ құбырының құрылысы бойынша 15 000,0 мың теңгеге.
Аудандық бюджетінің жоспары 1 764 574,2 мың теңге, игерілуі 1 764 087,2 мың теңге құрды, немесе 99,9 пайыз, игерілмеген сома 487,0 мың теңге ол 29 мемлекеттік мекемелердің ерекшіліктер бойынша қалдықтар, оның ішінде инвестициялық нысандар:
- "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында жанында 70 орындық интернаты бар 300 орындық мектебінің құрылысы" бойынша ЖСҚ әзірлеп, ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу бойынша 8 500,0 мың теңгеге;
- "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қарғалы су қоймасының жанынандағы балалар лагері құрылысы" бойынша ЖСҚ әзірлеп, ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу бойынша 3 000,0 мың теңгеге;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қос Естек, Жосалы, Әлімбет ауылындағы әкімшілік ғимараттарын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу және Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы Цибульчик көшесі 2 А әкімшілік ғимаратын қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу бойынша 6 220,0 мың теңгеге;
- Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы ат спорты мектебін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу және ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу бойынша 3 000,0 мың теңгеге;
- "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбет ауылындағы 75 орындық бала-бақша құрылысы" жобасының ЖСҚ 50 орындыққа өзгертуге түзету енгізу және ведомстводан тыс кешенді сараптама өткізу бойынша 1 800,0 мың теңгеге.
Сонымен қатар ағымдағы бағдарламалар бойынша: оның ішінде ЕАҚ-мен салықтар 900 106,4 мың теңгеге шығындар өткізілді; азаматтардың бөлек санаттарына, халықтың әлеуметтік-осал топтарына берілетін төлемдер, жәрдемақылар 125 168,8 мың тенгеге өткізілді; автокөлік құрылдар мен велосипеттер 14 611,0 мың теңгеге сатып алынды; негізгі құралдыр (компьютердің комплектілер, көпфункционалдық принтерлер, мемлекеттік рәміздер, проекторлар, бейне камералар, кітаптар, бағдарлама жүйесі және т.б.) 95 130,3 мың теңгеге сатып алынды.
2017 жылдың 9 ай бойынша аудандық коммуналдық меншігінде тендерлік іс-шара ретінде сеңімгерлік басқаруға 3 нысан берілді, ол: погрузчик YN 935, автокөлік Газ 23107-245 и жылжымайтын мүлік - Қос Естек аулындағы мал сою пунктінің ғимараты.
2017 жылдың 3 тоқсанында ауданның 52 мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың негізгі құралдардың түгендеу тексеру жұмыстары жүргізілді, тексеру жұмыстар барысында кемшіліктер аңықталды. Аңықталған бұзушылықтарды және кемшіліктерді жою бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді, практикалық көмек көрсетілді, хабарлама-хаттар жолданды. Аталған жұмыстар үнемі бақылауда.
Қарғалы аудандық қаржы бөлімі
Қарғалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар туралы
МӘЛІМЕТ
Бүгінгі күні Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі № 309 «Қарғалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» қаулысымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда бекітіліп, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Барлық мемлекеттік мекемелерде сенім телефондары жұмыс істейді. Телефон нөмірлері аудандық газетте жарияланып, аудан әкімдігі мен селолық округ әкімдіктерінің ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне қатысты азаматтардың арыз беруі үшін жәшіктер орнатылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі баннерлер әр ауылдық округтерде орналастырылған, атап айтар болсақ Степнойда 1, Әлімбетте 2, Ащылысайда 3, Кемпірсайда 1, Қосестекте 3, Велиховкада 1, Желтауда 1 жәнеБадамша ауылдық округінде 3 баннер орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлық көзі ретінде «көлеңкелі экономикаға» қарсы тұру мақсатында жыл сайын «Нұр Отан» партияның аудандық филиалының қолдауымен «Начни с себя - Өзіңнен баста» акциясы ұйымдастырылады. Бөлім басшылары, селолық округ әкімдері өздерінің жылдық табыстары (доход) жөнінде деректерді аудандық «Қарғалы» газеті және аудандық вебсайт арқылы жариялап отырады. Қоғамдық кеңестің отырыстарында «Қарғалы ауданының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы» аудандық мекемелер мен ұйымдарының басшыларының баяндамасы тыңдалады.
Аудан әкімінің 2016 жылғы 08 қыркүйектегі №361 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкіміне сәйкес 2017 жылдың 3 тоқсанында төмендегі 4 мекемеге ішкі талдау жүргізілді;
1. Әлімбет ауылдық округі әкімдігі.
2. Ащылысай ауылдық округі әкімдігі.
3. «Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ.
4. «Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ.
Талдау жүргізу барысында мекемелерде жемқорлық тәуекелі анықталған жоқ.
Аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырыстары белгіленген кестеге сәйкес тоқсан сайын өтеді. Отырыстарда сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жою жолдары талқыланады.
Аудандық «Қарғалы» газетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 9 ай көлемінде 8 мақала жарық көрді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында, ауданның ресми сайтында және«Фейсбук», «Инстаграмм», «Твиттер», «Одноклассники», «В контакте», «Аудан әкімдігі» атты әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттар үнемі жарияланып тұрады.
Мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысты қосымша шаралар өткізу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу тәртібін өткізу барысында ашықтықты қамтамасыз ету және жоғарылату бойынша: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алулары туралы Веб-порталына хабарландырулар, конкурстық құжаттамалар және конкурс қорытындылары Заңнамаға сәйкес жарияланып отырылады.
Аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдері жанынан 16 ақпараттық-насихат топтары (әрі қарай АНТ) құрылды. Аудан бойынша АНТ-ның елді мекендерге шығу кестесі бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстары ақпараттық топтармен және «Қарғалы» үгіт пойызының мүшелері арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру, атап айтқанда халықтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және оларды сыбайлас жемқорлық қарсы сауаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін мақсатты топ мүшелері округтерде «Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір азаматтың борышы», «Скажи коррупциям - НЕТ» атты семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.
Жалпы алғанда 2017 жылдың9 айында ауданда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
Аудандық газет бетінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жыл басынан бері 12 мақала жарық көрді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер бойынша сұрақтардың» мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында жариялануына тұрақты түрде рұқсат берілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету үшін kargala.aktobe.gov.kz интернет сайты ашылды.
Мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысты қосымша шаралар өткізу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу тәртібін өткізу барысында ашықтықты қамтамасыз ету және жоғарылату бойынша: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алулары туралы Веб-порталына хабарландырулар, конкурстық құжаттамалар және конкурс қорытындылары Заңнамаға сәйкес жарияланып отырылады.
Аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдері жанынан 16 ақпараттық-насихат топтары(әрі қарай АНТ)құрылды. Аудан бойынша АНТ-ның елді мекендерге шығу кестесі бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстары ақпараттық топтармен және «Қарғалы» үгіт пойызының мүшелері арқылы жүргізіледі.
2016 жылы барлығы 112 кездесу өткізіліп, қамтылғандар саны 2813 адам, яғни аудан халқының 6,0 пайызынқұрады. Барлық топтарға әдістемелік құжаттар мен жинақ папкалары таратылып берілді.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алу, тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй алу, олардың тұрақты жаңғыртылған түрі жөнінде аудандық газетке үш мақала жарияланды.
Азаматтардан түскен арыз-шағымдарды тіркеу бағдарламасы арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздарды тіркеу бойынша мониторинг жүргізіледі, 2016 жылы барлығы 234 арыз келіп түскен, оның ішінде: жеке тұлғалардан 113, заңды тұлғалардан 87 және 34 жеке қабылдаумен. Ағымдағы жылдың екі айында барлығы 36 арыз келіп түскен, оның ішінде: заңды тұлғалардан 7, жеке тұлғалардан 21 және 8 жеке қабылдаумен. Барлық арыздар заңнамен белгіленген мерзімде қаралып, жауаптары берілді.
Бір адамның екінші адаммен тікелей байланысын болдырмау мақсатында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін, мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою Веб-портал немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы 2016 жылы ауданда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» талаптарының орындалуы жөніндегіҚарғалы ауданының әкімі Р.М.Сыдықовтың баяндамасы
Бүгінгі күні Қарғалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қыркүйектегі №309 «Қарғалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» қаулысымен іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда бекітіліп, осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Барлық мемлекеттік мекемелерде сенім телефондары жұмыс істейді. Телефон нөмірлері аудандық газетте жарияланып, аудан әкімдігі мен ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне қатысты азаматтардың арыз беруі үшін жәшіктер орнатылды.
2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі баннерлер әр ауылдық округтерде орналастырылды, атап айтсақ 2016 жылы Степной, Әлімбет, Ащылысай, Кемпірсай, Қос Естек ауылдық округтерінде біреуден орнатылса, Бадамша ауылдық округінде 2 баннер орналастырылды. Ағымдағы жылдың 5 айында Степной, Әлімбет, Ащылысай, Кемпірсай, Қос Естек, Велиховка, Желтау ауылдық округтерінде 2 баннерден орналастырылса, Бадамша ауылдық округінде 3 баннер орналастырылды.
2016 жылдың 17 қыркүйек – 17 қазан аралығында Қарғалы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау жүргізу барысында екі жемқорлық тәуекел анықталып, оларды жоюға ұсынымдар берілді.
Аудандық газет бетінде, интернет ресурстарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша 2016 жылы 15 мақала жарық көрсе, ағымдағы жылдың 5 айында 14 мақала жарық көрді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізілетін құқықтық ақпаратқа кеңінен қол жеткізу мақсатында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер бойынша сұрақтардың» мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында жариялануына тұрақты түрде рұқсат берілуін және жаңартылуын қамтамасыз ету үшін kargala.aktobe.gov.kz интернет сайт және «Фейсбук», «Инстаграмм», «Твиттер», «Однокласники», «В контакте», «Аудан әкімдігі» атты парақшалар ашылды. Оларда аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты ақпараттар жарияланады. Сондай-ақ сайтта «Сұрақ қою» рубрикасы ашылды.
Сатып алу саласында құқық бұзушылықтың алдын-алуға қатысты қосымша шаралар өткізу, оның ішінде сатып алу тәртібін өткізу барысында ашықтықты жоғарылату бойынша: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тауарлар, қызметтер мен жұмыстарды мемлекеттік сатып алулары туралы мемлекеттік сатып алу Веб-сайтта хабарландырулар, конкурстық құжаттамалар және конкурс қорытындылары жарияланып отырады.
Ағымдағы жылдың мамыр айының 18-19 күндері аралығында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс тобы құрамында топ басшысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Ераман Кәрімұлы Хайруллин және басқарманың бас маманы Серікжанов Қуанышбек Серкіжанұлы ауданымызға келіп, 7 ауылдық округтерді аралап, ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 8 іс-шара өткізді.
Азаматтардан түскен арыз-шағымдар Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарау тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес тәртіпте қаралады.
Түскен арыз-шағымдарды тіркеу бағдарламасы арқылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздарды тіркеу бойынша мониторинг жүргізіледі, 2016 жылы барлығы 234 арыз келіп түскен, оның ішінде: жеке тұлғалардан 113, заңды тұлғалардан 87 және 34 жеке қабылдаумен.
Ағымдағы жылдың бес айында барлығы 107 арыз келіп түскен, оның ішінде: заңды тұлғалардан 27, жеке тұлғалардан 63 және 17 жеке қабылдаумен. Барлық арыздар заңнамен белгіленген мерзімде қаралып, жауаптары берілді.
2016 жылы аудандық жер қатынастар бөліміне заңды және жеке тұлғалардан 132 өтініш қабылданды, оның ішінде жеке тұлғалардан - 63, заңды тұлғалардан – 68. Бұлар жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу туралы, басқа мәселелер бойынша есеп беру кезеңінде жер учаскелерінің бар-жоқтығы туралы анықтама беру туралы 576 өтініш түскен.
Ағымдағы жылдың 5 айында барлығы 59 өтініш қабылданды, оның ішінде жеке тұлғалардан – 38, заңды тұлғалардан – 21,басқа мәселелер бойынша есеп беру кезеңінде жер учаскелерінің бар-жоқтығы туралы анықтама беру туралы 70 өтініш келіп түсті.
Бір адамның екінші адаммен тікелей байланысын болдырмау мақсатында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін, мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою Веб-портал немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде ауданымызда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.