ҚР Заңнамаларын білуге арналған тестілеу

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2017 жылғы 21 ақпандағы
№ 40 бұйрығына 2-қосымша
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына, "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына сәйкес әзірленді және мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді және мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу тәртібін, бағдарламаларын, тестілеуді ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.
3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырылады.
2-тарау. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді тестілеу
5. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерді (бұдан әрі – "А" корпусының резервіне үміткерлер) тестілеу келесі кезеңдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу;
2) логикалық тест;
3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;
4) мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу.
6. Тестілеу өткізудің кезеңі уәкілетті орган қалыптастырған кестеге сәйкес үш жұмыс күнінен аспайды.
7. "А" корпусының резервіне кандидат осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтінішінде көрсетілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің санаты бойынша өтеді.
8. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтижелерді алған "А" корпусының резервіне үміткерлер, тестілеудің келесі кезеңіне жіберілмейді.
9. "А" корпусының резервіне үміткерлерді мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеу ҚАЗТЕСТ – қазақ тілінің деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.
10. Мемлекеттік тілді білуге арналған, сондай-ақ құзыреттер деңгейін анықтауға тестілеудің шекті мәні жоқ.
11. "А" корпусының кадр резервіне бір конкурстық іріктеу аясында "А" корпусының резервіне үміткерлер өтініште көрсетілген тиісті санат, топ және кіші топ үшін әр тестілеу бағдарламасы бойынша бір рет тестілеуден өтеді.
3-тарау. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу
12. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі – Б" корпусының лауазымына кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
13. "Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгіну арқылы өтініш (бұдан әрі – Өтініш) тапсырады.
"Б" корпусының лауазымына кандидат Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
"Б" корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Мемлекеттік корпорацияда, уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
14. "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
Тестілеуге жазылу "электрондық үкімет" веб-порталында қалыптастырылатын осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
15. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
16. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
17. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілеудің осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен емес нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерге осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат (бұдан әрі – Сертификат) беріледі.
Бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
Екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазымдар санаттарына жарамды.
18. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
19. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген мәндерден төмен нәтиже алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлерге осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
20. Сертификат оның қолданылу мерзімі ішінде жоғалған немесе бүлінген жағдайда "Б" корпусының лауазымына үміткерлер осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысандағы сертификаттың телнұсқасын электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.
4-тарау. Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
21. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.
22. "Б" корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін тестілеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған адамлар жіберілмейді.
23. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен емес нәтиже алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге тестілеу кестесіне сәйкес келмеген адамлар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
24. "Б" корпусының лауазымына кандидат осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
25. "Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытынды беріледі.
"Б" корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындылары осындай тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
5-тарау. Тестілеуді ұйымдастыру тәртібі
26. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамлар жіберіледі.
Тестілеуге қатысу үшін кандидат қолхатта көрсетілген уақыттан кешікпей тестілеу залына келуі тиіс.
27. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамларды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда тестілеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауап береді.
28. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамлар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамларды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
29. Тестілеу кестесі автоматты түрде айқындалады.
30. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, сонымен қатар "Б" корпусы лауазымына кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен жабдықталады.
31. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.
32. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді.
Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.
33. Тестіленуші адам осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді.
Бұл ретте әкімші бір жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысандағы Қағиданы бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.
Акт толтырылған адамлар қайта тестілеуді бұзу болған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді. Осы Қағидалардың 32-тармағының талаптарын бұзған адамлардың тестілеу нәтижелері жойылады.
34. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады және осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады.
Мұндай жағдайда, "Б" корпусының лауазымына кандидат тестілеуге осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында айқындалған тәртіпте жазыла алады.
35. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
36. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
37. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамларға тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған, мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.
6-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
38. Үміткерлердың Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдарын қарастыру және олардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде апелляциялық комиссиялар құрылады.
39. Апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен бекітіледі.
Апелляциялық комиссияның құрамына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қосылуы мүмкін.
40. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, немесе апелляциялық комиссияның төрағасы болмағанда төрағаның орынбасары басқарады.
Апелляциялық комиссияның іс-қағаздарын жүргізу уәкілетті орган басшысының немесе оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрығымен тағайындалатын хатшымен жүзеге асыралады.
41. Аумақтық бөлімшелердің апелляциялық комиссиясы тестілеу бағдарламаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеудің төмен нәтижесін алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлердан апелляцияға шағымдарын қабылдайды және қарастырады.
42. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:
1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;
2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;
3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;
4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.
43. Осы Қағидалардың 1 және 4-қосымшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуде мәндерден төмен нәтиже алған үміткерлердан 12-қосымшаға сәйкес нысандағы апелляцияға шағым апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға шағым тестілеуден өткен күннен кейін 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады.
Апелляциялық комиссияның отырысы түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.
44. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері қарастырылады.
Тестілеудің толық нәтижелері өзіне үміткердің дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары және оның жауап нұсқасы қосады.
45. Апелляцияға шағым берген үміткерлердың тестілеудің толық нәтижелері апелляциялық комиссияға Орталықпен сұрау бойынша ұсынылады.
Бұл ретте, тестілеудің толық нәтижелері "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен ресімделеді және үміткерлерға тек танысу үшін беріледі.
46. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы Орталыққа жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады.
Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқылы болады.
47. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
2) үміткердің апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу.
Бұл ретте, үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуді қайта тапсыруға бір рет қана жіберіледі.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 1-қосымша
"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды
Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлерды Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметі лауазымдарынының (бұдан әрі – "А" корпусының лауазымдары) бірінші және үшінші санаттарына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"(10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"(10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) білуге арналған тестерді қамтиды.
Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.
2) екінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының екінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестерді қамтиды.
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутты құрайды.
3) үшінші бағдарлама "А" корпусы лауазымдарының төртінші санатына арналған және Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (10 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (10 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестерді қамтиды.
Үшінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутты құрайды.
2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алуға үміткерлер үшін тестілеуді өту мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауапты құрайды.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
____________________________________
тел._________________________________
эл. мекенжайы _______________________
Өтініш
Мені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің мемлекеттік тіл мен
заңнаманы білуге ____ бағдарламасы және жеке қасиеттерді бағалаудың ____ бағдарламасы
бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының
негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекенжайы: ______________.
Тестілеу өтуді қалаған күні: _________.
Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _______.
"___" ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 3-қосымша
Нысан
ҚОЛХАТ
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға үміткердің
_____________________________________ өтініші қабылданды.
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
Тестілеу өту күні: __________________________________________________________
Тестілеу өту уақыты: _______________________________________________________
Тестілеу өту мекенжайы: ____________________________________________________
Тестілеу бағдарламасы: _____________________________________________________
Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ескертпе: Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге арналған тестiлеуден өту
кезiнде шектi мәннен төмен баға алған "Б" корпусының лауазымына үміткерлер қайта
тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған
тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.
"___" ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 4-қосымша
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу үш бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Құқықтық актілер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.
2) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.
3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
СЕРТИФИКАТ
______________________________________"Б" корпусының
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___"______________ 20 __ ж. өткенін растайды.
Сурет
Тест атауы
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саныТестілеуді өту мәніДұрыс жауаптардың саны
ҚОРЫТЫНДЫ
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып
табылады.
Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
санаттарына жарамды.
Тестілеу әкімшісінің қолы: _________________________
Тестілеу операторының қолы: ________________________
"___" ___________________ 20 __ ж.
М.О.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 6-қосымша
Нысан
Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы
АНЫҚТАМА
______________________________________________________
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен
заңнамаларын білуге арналған тестілеуден
_________________ қаласында "___" __________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді.
Сурет
Тест атауы
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саныТестілеуді өту мәніДұрыс жауаптардың саны
ҚОРЫТЫНДЫ
Осы үміткер қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес
мерзімнен кейін өте алады.
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________________
Тестілеу операторының қолы: _______________________________________________
М.О. "___" ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 7-қосымша
Нысан
ТЕЛН
ҰСҚА
СЕРТИФИКАТ
______________________________________"Б" корпусының
(үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден _____________ қаласында _____ бағдарлама бойынша "___" _____________ 20__ ж. өткенін растайды.
Сурет
Тест атауы
Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саныТестілеуді өту мәніДұрыс жауаптардың саны
ҚОРЫТЫНДЫ
Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып
табылады.
Осы сертификат "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
санаттарына жарамды.
Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған
сертификат телнұсқасын беру жүйесімен "электрондық үкімет" порталы арқылы берілді.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 8-қосымша
"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-O-4, C-R-1, C-R-2, C-R-3, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Бірінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды.
Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 2 балл, сараптамалық – 2,5 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, стратегиялық ойлану – 1,5 балл, көшбасшылық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1,5 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
2) бағдарлама А-4, А-5, B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-5, C-O-6, C-R-4, C-R-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 9-қосымша
Нысан
"Б" корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу қорытындысы бойынша тұжырым
Тестіленушінің ТАӘ (ол болған жағдайда):
Тестілеу күні мен уақыты:
"Б" корпусы лауазымының санаты
Сурет
Қатерлі аймақ - бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету
деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы.
Тестілеу әкімшісінің қолы: __________________________________________________
Тестілеу операторының қолы: _______________________________________________
М.О.
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 10-қосымша
Нысан
Тестілеу ережелерін бұзу туралы
АКТ
201_ ж. "___" _____________ сағат ______ мин.
Тестілеу әкімшісі
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Тестілеу операторы
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Қызметшінің/үміткердің ________________________ ЖСН
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 32-тармағын
бұзу фактісі анықталды:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Қағидаларды бұзудың қысқаша сипаты)
Тестілеу әкімшісінің қолы:
________________________________________________________________________________
Тестілеу операторының қолы:__________________________________________
Актімен таныстым:
________________________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің қолы, тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген
қызметшінің/үміткердің осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба)
________________________________________________________________________________
(жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген қызметшінің/үміткердің осы актіге қол
қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), ЖСН)
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 11-қосымша
Нысан
Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Күні: ___________ ___________ қаласы
Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актті 20__ жылдың
"___" __________ ___ сағ. ___мин.
байланыс ақауының
компьютерлік техника ақауының
тоқ қуаты ақауының
өзге себептің
салдарынан жасадық.
Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тестілеу келесі адамларға қатысты тоқтатылды:
1. Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) ЖСН
Тестілеу залы әкімшісінің
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Тестілеу залы операторның
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) мен қолы:
Мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерді, мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді
тестiлеуді ұйымдастыру,
бағдарламалары мен
қағидаларына 12-қосымша
Нысан
Мемлекеттік
қызмет істері жөнiндегi
уәкiлеттi органның
__________________________ бойынша
аумақтық бөлімшесі апелляциялық
комиссиясының Төрағасына
___________________________________
(тестіленуші адамның Т.А.Ә.
(ол болған жағдайда))
___________________________________
(тестіленуші адамның ЖСН)
Тел.________________________________
Эл. мекенжайы______________________
Өтініш
Мені, 20__ жылдың ____________________ _____________________қ.
(тестілеу күнін көрсету)
өткен Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері
бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын.
Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының
негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
"___" _______________ 20__ж.