Қарғалы ауданы бойынша 2016 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмыстары туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жұмысы туралы ақпарат
Қарғалы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы
2016 жыл бойынша есебі
Есеп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы№ 757 бұйрығымен бекітілген 1-қосымшаға ( Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалықмаңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар,ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысаны) сәйкес жасақталған
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер «Қарғалы ауданы әкімдігі» Ақтөбе облысы,Қарғалы ауданы, Әбілқайыр хан 38
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат: ҚР Үкіметінің 2013 ж. 18.09. № 983 қаулысымен бекітілген «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне» (бұдан әрі – тізілім) сәйкес, ауданының жергілікті атқарушы органдары 98 мемлекеттік қызметтер бойынша 25 148 мемлекеттік қызмет көрсетілген. 2015 жылы 13105 мемлекеттік қызмет көрсетілген (2 есеге жақын өскен). (көрсетілген қызметтің көбеюнің негізгі себебі жаңадан қосылған АХАТ қызметтері есебінен).
Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі-21,
Білім бөлімі-26,
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі-20,
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі-1,
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі-4,
Жер қатнастары бөлімі-6
Спорт бөлімі-1,
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобилді жолдар бөлімі-5,
АХАТ қызметтері (мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде)-9
Кәсіпкерлік бөлімі- 4 қызмет
Ауылдық округ әкімі -1
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;
Тізілімге сәйкес, баламалы негізде көрсетілетін 25 мемлекеттік қызметтер бойынша, көрсетілген 6 349 қызметтің 4 891-і халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетіліп, 77,9 %-ды құрады.
Тек қана ХҚКО арқылы көрсетілетін 11 мемлекеттік қызметтер бойынша, көрсетілген 1 376 қызметтің 1 376-ы ХҚКО арқылы көрсетіліп, 100 %-ды құрады.
Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны:тегін қызметтер саны- 77, ақылы қызметтер саны-19 Қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны: Тізілімге сәйкес, электрондық форматта 40 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілу қажет, алайда аудан бойынша тек 14 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетіліп келеді(ақпараттық жүйе өнімдерінің дұрыс істемеуі себебіне байланысты)
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
- «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» - 14 186 қызмет,
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»- 369 қызмет,
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»- 243 қызмет,
- Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою 1285 қызмет,
- Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру -941 қызмет,
- Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою- 239 қызмет,
- Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу-197 қызмет,
- Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру- 154 қызмет,
- Тұрғын үй көмегін тағайындау- 945 қызмет,
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау-855 қызмет,
- Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау - 670 қызмет,
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: Аудандағы мемлекеттік қызметті көрсетуші мекемелердегі ақпараттық стенділер, ХҚО филиалы, «электрондық үкімет» веб-порталы ,электрондық түрде «Е-Лицензиялау» МДҚ,http://shalkar.aktobe.gov.kz интернет ресурстары 2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.http://shalkar.aktobe.gov.kz интернет ресурсы арқылы 6 стандарттардың жобаларын жария талқылаулар 3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру үшін тұрғындарды ақпараттандыру медиа-жоспары құрылып БАҚ(негізгі бөлігі интернет ресурста, іс-шараларда) жарияланды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мәселелері жөнінде семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер» брифингтер, конференциялар 10 өткізіліп, ұйымдастырды. Бөлімдерге методикалық нұсқаулық брошюралары таратылды.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет 1) ) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2016 жылы Ақтөбе және Астана қалаларында барлығы 49 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырудан өткізілді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
Есепті кезеңде (2016жж) мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша шағымдар тіркелмеген.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Есепті кезеңде (2015ж) 2016 жылдың мамыр айына «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» көрсетілген мемлекеттің қызметін 1 ретте мерзімін бұзып көрсеткені үшін, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Кусман Рахимовқа және 2016 жылдың қазан айында «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» көрсетілген мемлекеттің қызметін 1 ретте мерзімін бұзып көрсеткені үшін аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы А.Жантлеуовке тәртіптік жаза түріндегі ескерту берілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
1. 2017 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.
2. Электрондық мемлекеттік қызметтердің әйгілігін арттыру бойынша медиа-жоспары қабылданды.
3. Стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жұмыстарын жүйелендіру мақсатында 2016 жылғы 30 желтоқсанда №538 өкімімен 2017 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шаралар жоспары бекітілді.