Кәсіпкерлікті қорғау

Есепті кезеңде бизнес субъектілерінің жалпы саны 993 бірлікті құрайды, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5 пайыз. Оның ішінде белсенді субъектілер үлесі – 91,6 пайыз. Бизнес субъектілердің тіркелгенінің жалпы санынан – 910 бірлік белсенді болып табылады. Жыл басынан бастап 222 жаңа бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде 10 шаруа қожалық, 212 жеке кәсіпкер. Бизнес субъектілермен жалпы 290 жаңа жұмыс орны құрылды.
Есепті кезеңде 19 жаңа бизнес нысаны ашылды: Желтау селолық округінде инкубациялық цехы (бекіре), шағын наубайхана, Ащылысай ауылында аспасхана, Степной ауылында өсімдік майын өндіретін цех, манты өндіру цехы, Бадамша ауылында дәріхана, кафе, екі дүкен, СТО және т.б.
Бизнесті дамытуға алынған несие қорының жалпы көлемі 898,8 млн. теңгені құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 121,9 млн.теңгеге артық. Нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікпен қамту бағдарламасы аясында 60 адам 192,9 млн. теңге несие алды. Бұл жобалардың 90 пайыздан астамы мал және қосалқы шаруашылықтарды дамытуға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде аспазхана, шагын наубайхана, сүт өндейтін шағын цехі тағы да басқа бизнес нысандары ашылды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 7 жоба мемлекеттік қолдау алуға мақұлданды: 2 жоба мемлекеттік қолдау грантына ие болды (Әлімбет аулынын тұрғыны ЖК Кишкенебай (жылыжай –термос салу) және Қайрақты ауылының тұрғыны ЖК А.Баймышев (тұрмыстық қатты қалдықтарды өндеу). 2 жоба («Диленд» ЖШС және «Интер Агро»ЖШС) пайыздық ставкасын субсидиялау, 3 жоба – Велиховка селолық округінде «Надежда» ш/қ электр беру желісін және Қос-Естек селолық округінде «Жаңа коныс» мал шаруашылық базасын және жеке кәсіпкер А.В. Быкова кемпингіне газдандыру құрылысын салу.
Бөлшек сауда көлемі 1330,0 млн. теңге құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 104,3 пайыз.