Әлеуметтік көмек

2017 жылдың 12 айына Қарғалы ауданының
әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы бойынша
АҚПАРАТ
Он сегіз жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алатын 236 отбасы оның ішінде 570 балаға 8075,6 мың теңге жәрдемақы төленді.
2016-2017 жылдары атаулы әлеуметтік көмек алушылар ауданда болған жоқ.
2017 жылы Қарғалы ауданы бойынша «Өрлеу» жобасына 42 отбасы қатысты, соның ішіндегі 206 адамға 6145,7 мың теңге тағайындалып, төленді.
2018 жылдан бастап «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» енгізілді. Жоспар бойынша 317 отбасыны қамту жоспарланды, соның ішінде 1695 адамды қамту жоспарланды.
2017 жылы 504 мүгедек тіркелді, оның ішінде: бірінші топқа – 40 адам, екінші топқа – 197 адам, үшінші топқа – 219 адам, оның ішінде 48-і мүгедек балалар қатарына жатады.
2017 жылы Ұлы Отан соғысының 2 қатысушыға коммуналдық қызметтерге жалпы сомасы 176,0 мың теңге төленді.
2017 жылы 9 мамыр Жеңіс күніне барлығы 348 адамға жалпы соммасы 7415,0 млн. теңге төленді.
2017 жылы мүгедектер күніне 477 адамға 14310,0 млн. теңге төленді.
2017 жылы 7 мүгедек балаға жалпы сомасы 222,3 мың теңге төленді.
2017 жылы 18 әлеуметтік қызметкер 86 жалғыз басты қарттар мен мүгедекке тиесілі көмектерін көрсетті.
2017 жылы 8 мүгедек квота бойынша тұрақты жұмысқа, 13 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыс орнына, 2 мүгедек әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, 4 мүгедек «Жасыл Ел» бағдарламасына жіберілді, 3 мүгедек 6,1 млн. теңгеге шағын несие алды. АДБ жобасы бойынша 1 мүгедек жұмысқа орналасты, қайта даярлау курсында 3 мүгедек оқыды. Барлығы: 34 мүгедек жұмыспен қамтылды.
2017 жылы 152 мүгедекке техникалық көмекші құралдар берілді. 8 мүгедекке 8 жеке көмекші тағайындалды. Жүйке жүйесі ауыратындардың интернатына 2 мүгедек орналасты.
2017 жылы 30 мүгедекке «Денсаулық» және «Алғабас» шипажайына жолдама берілді.
2017 жылы 9 мүгедектің жолақысына 159,7 мың теңге төленді.
2017 жылы әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 76 адамға 7402,0 млн. теңге төленді.
Қарғалы ауданының барлық тұрғындары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына материалдық және қайырымдылық көмек көрсету барысында белсенді қатысты.
Ауданның қайырымдылық көмекке мұқтаж азаматтарына – 3316 адамға 14386,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Соның ішінде «Тұған жерге тағзым» акциясы шеңберінде кәсіпкер «Геосервис-С» ЖШС-нің директоры М.Жардаев екі бөлмелі пәтердің кілтін екі балалы жесір әйел Г.Ғабидуллинаға табыстады.
Қарғалы ауданының күндері шеңберінде Ақтөбе қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілті табысталды, құрылыс материалдарын сатып алуға сертификаттар және т.б. берілді.