Жоба мұрағат

ЖОБА
Қарғалы ауданының жергілікті
қоғамдастық жиналысының
Регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн–өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына және 393 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қарғалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.
2. «Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қарғалы аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Қарғалы аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан және халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының
төрағасы
хатшысы
Ж.КОЛЬЖАНОВ Н.ЗАГЛЯДОВА
2
Қарғалы аудандық мәслихатының
2018 жылғы «___» мамырдағы
№ _____ шешімімен
бекітілген
Қарғалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қарғалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 39–3 бабының 3–1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін–өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік–аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік–аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округі қызметінің мәселелері;
4) жергілікті өзін–өзі басқару – халық тікелей, сондай–ақ мәслихат және басқа да жергілікті өзін–өзі басқару органдары арқылы жүзеге асыратын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.
2 тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақыруын жүргізу тәртібі
3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдық округ әкімі аппаратының ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін–өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік–құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге Қарғалы аудандық мәслихатына (бұдан әрі – аудандық мәслихат) одан әрі ұсыну үшін ауылдық округ әкімінің қызметіне Темір ауданының әкімі (бұдан әрі – аудан әкімі) ұсынған кандидатураларды келісу;
ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
4. Жиналыс ауылдық округ әкiмімен дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.
Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша жүгінеді.
Әкім үш жұмыс күндері ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.
5. Жиналыс шақырылымның орны мен уақыты және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.
Ауылдық округ әкімі аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.
6. Жиналысты шақыру алдында ауылдық округ әкімі аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижелерін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.
Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
7. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жиналысты шақыруды жүргізу үшін жиналыстың төрағасы мен хатшысы ашық дауыс беру тәсілімен сайланады.
8. Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.
Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.
Жиналысты шақырудың күн тәртібі жиналыспен бекітіледі.
Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.
9. Жиналысты шақыруға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай–ақ олардың мәселелері жиналыс шақырылымда қаралатын заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай–ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.
10. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламенті төрағамен айқындалады. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.
Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсініктеме және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.
Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсынысы бойынша үзілістер жариялай алады.
Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз өткізілмейді.
3 тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдерін
қабылдау тәртібі
11. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
12. Жиналыста қабылданған шешімдер ауылдық округ әкімімен бес жұмыс күндері ішінде қаралады.
Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер осы Регламенттің 2 Тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені аудан әкімі аудандық мәслихаттың отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.
13. Ауылдық округ әкімі аппараты ауылдық округ әкімнің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күндері ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.
14. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару органдары, лауазымды тұлғалар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.
15. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.
4 тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысы шешімдерінің
орындалуын бақылау
16. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты тұлғалардың ақпараттары тыңдалады.
17. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы аудан әкіміне немесе
жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды тұлғаның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.
Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан әкімі немесе тиісті лауазымды тұлғалардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.
ЖОБА
Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі
бойынша 2018 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Темирбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бадамша ауылдық округінің әкімі Е.Дабилдин
2018 жылғы «__ »_______ №___
негізгі нормативтік құқықтын
актісімен бекітілген
Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округі бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдарының ата-ананың айына төлемақы мөлшері (теңге)
Балабақша
Балабақша
Балабақша
1
Қарғалы ауданының «Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Бадамша ауылы
185
21074
350 теңге
2
Қарғалы ауданының «Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Балапан» мектепке дейінгі ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны,
Бадамша ауылы
(«Балапан» МД МККК кезінде санаторлық тобы)
85
15
19354
73078
350 теңге