Жұмысқа орналастыру

2018 жылы Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 635 адамды тұрақты жұмысқа орналастыру, 470 жаңа жұмыс орындарын ашу, 500 адамды ақылы – қоғамдық жұмысқа, 42 адамды Жастар практикасына, 60 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған, 230 адамды кәсіптік оқытуды ұйымдастыруға жолдау жоспарланды.
«Нұрлы жер», «Агробизнес» , «Аумақтық даму», «Аумақтарды дамыту», «Өңірлерді дамыту бағдарламалар», «Бизнестің жол картасы» бойынша және басқа да бағдарламалар бойынша 23 объект жоспарлануда.
Соның ішінде 526 адам жұмыспен қамтылады, тұрақты орындарымен – 41 адам, уақытша жұмыс орындарымен -485 адам, соның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 68 адам жұмысқа орналастыру жоспарланды.
Объектілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін тұрақты орындарымен –66 адам қамтылады.
2018 жылдың 1 мамырға жұмыспен қамту орталығына жолықан адамдарға жұмысқа орналасуы үшін арнайы жұмыстар атқарылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, Жастар практикасына жіберуге қысқаша кеңестер берілді.
2018 жылдың 1 мамырға 122 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
2018 жылдың 1 мамырға 134 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2018 жылдың 1 мамырға ақылы қоғамдық жұмысқа 138 жұмыссыз адамдар жолданды.
2018 жылдың 1 мамырға Жастар практикасына жыл басынан бері жоғарғы және орташа – кәсіби оқу орындарын бітірген 10 түлек орналасты.
2018 жылдың 1 мамырға әлеуметтік жұмыс орындарына 49 жұмыссыздарды орналастырды.
2018 жылдың 1 мамырға техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 42 адам қамтылды.
2018 жылдың 1 мамырға Агробизнес, Бизнестің жол картасы, Өңірлерді дамыту бағдарламалар бойынша 18 адам жұмыспен қамтылды.
2. 2018 жылдан бастап «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» енгізілді. Жоспар бойынша 317 отбасыны қамту жоспарланды, соның ішінде 1695 адамды қамту жоспарланды.
2018 жылдың 1 мамырға ауданда атаулы әлеуметтік көмек 88 отбасына 363 адамға 4655,7 мың теңге тағайындалды.
2018 жылдың 1 тоқсанына тұрғын үй көмегін алушы 179 отбасыға 1633,4 мың теңге тағайындалып төленді.
3. 2018 жылдың 1 мамырға 485 мүгедек тіркелді, оның ішінде: бірінші топқа – 36 адам, екінші топқа – 191 адам, үшінші топқа – 207 адам, оның ішінде 51 мүгедек балалар қатарына жатады.
2018 жылдың 1 мамырға 6 мүгедек балаға жалпы сомасы 115,4 мың теңге төленді.
2018 жылдың 1 мамырға 18 әлеуметтік қызметкер 86 жалғыз басты қарттар мен мүгедекке тиесілі көмектерін көрсетті.
2018 жылдың 1 мамырға 6 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыс орнына жіберліді, 1 мүгедек техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқуына жолданды.
2018 жылдың 1 мамырға 47 мүгедекке техникалық көмекші құралдар берілді. 8 мүгедекке 8 жеке көмекші тағайындалды.
2018 жылдың 1 мамырға әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 43 адамға 2741,7 тыс. теңге төленді.
2017 жылдың 12 айына Қарғалы ауданының
әлеуметтік – экономикалық даму қорытындысы бойынша
АҚПАРАТ
Жұмыспен қамту
2017 жылы Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша 540 адамды жұмысқа орналастыру, 500 адамды ақылы – қоғамдық жұмысқа, 42 адамды Жастар практикасына, 75 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жоспарланған.
2018 жылғы 1 қаңтарына жұмыспен қамту орталығына 1739 адам жолықты. Олардың жұмысқа орналасуы үшін арнайы жұмыстар атқарылып, ақылы қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқытуға, әлеуметтік жұмыс орындарына, Жастар практикасына жіберуге қысқаша кеңестер берілді.
2017 жылы 415 жаңа жұмыс орындары ашылып, бұл жылдық жоспардың 104% құрады.
2017 жылы 617 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық жоспардың 117% құрады.
2017 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 607 жұмыссыз адамдар жолданды, соның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан 201 адам, бұл жылдық жоспардың 121% құрады. Ақылы қоғамдық жұмысқа қатысқан жұмыссыздарға жыл басынан бері 37327,0 мың теңге төленді, соның ішінде жергілікті бюджеттен 24239,0 мың теңге төленді.
Жастар практикасына жыл басынан бері жоғарғы және орташа – кәсіби оқу орындарын бітірген 73 түлек орналасты, бұл жылдық жоспардың 171% құрайды. Жастар практикасына қатысқан барлық жастарға 18335,0 мың теңге төленді, соның ішінде жергілікті бюджеттен 8289,0 мың теңге.
2017 жылы ауыл шаруашылық басшылары және жеке кәсіпкерлер әлеуметтік жұмыс орындарына 140 жұмыссыздарды орналастырды, соның ішінде жергілікті бюджеттен 37 адам жолданды, бұл жылдық жоспардың 187% құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқандарға 13406,0 мың теңге төленді, соның ішінде жергілікті бюджеттен 3924,0 мың теңге төленді.
2018 жылғы тапсырмалар:
- жаңа 400 жұмыс орындарын ашу жоспарланды.
- тұрақты жұмыс орындарына 560 адамды,
- ақылы қоғамдық жұмысқа 500 адамды,
- жастар практикасына 42 адамды,
- әлеуметтік жұмыс орындарына 60 адамды орналастыру жоспарланды.