Бизнесті ұйымдастыру және дамыту

Уксукбаев Еркен Шинбулатович
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысқанға дейінгі мәртебесі – өзін өзі жұмыспен қамтыған.
2016 жылы Қарғалы ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ-не «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Уксукбаев Еркен өтініш білдірді. Мамандардың кеңесінен кейін өз ісін ашу үшін 3,0 млн. теңгеге шағын несие алуға шешім қабылдады. Құжаттарын толық жинағаннан кейін, үміткер Ақтөбе қаласындағы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на жолданды. Құжаттары мақұлданғаннан кейін, Еркен 2016 жылдың маусымында газ құю бекеті құрылысына шағын несие алды.
4 жаңа жұмыс орыны құрылды.
Телефон: 8 (71342) 29-8-39, 8 (777) 112 26 77
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Әлімбет селосы, Қазақстан к-сі № 34.