Субсидия беру

Ауыл шаруашылығы бойынша мәлімет
Мал шаруашылығы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» бекітілді. Аталған қағида бойынша мал шаруашылығы саласында келесідей бағытта субсидиялау қарастырылған:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:
- ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындарды арзандату;
- отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, шошқа, түйе, марал (бұғы) төлін сатып алуға кеткен шығындарды арзандату;
- отандық және шетелдік шаруашылықтардан ет және жұмыртқа бағытындағы құстардың ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанын сатып алуға кеткен шығындарды арзандату;
- жеке және заңды тұлғалардың табынның өсімін молайтуға пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағуға кеткен шығындарын арзандату;
2) мал шаруашылығы өнiмдiлiгi мен өнiм сапасын арттыруға:
- бұқашықтарды бордақылау, қозы етін, шошқа етiн, жылқы етiн, түйе етін, құс етiн (бройлер, күрке тауық, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқа (тауық және бөдене жұмыртқасы), сүт (сиыр, бие, түйе, ешкі сүті), биязы жүнді және жартылай биязы жүнді өндіру құнын арзандату;
- құрама жем өндіретін зауыттар өндірген және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне сатылған құрама жем құнын арзандату;
- ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу.
Бүгінгі күнге, облыстық ауыл шаруашылғы басқармасына отандық және шетелдік шаруашылықтардан асыл тұқымды ірі қара мал төлін сатып алуға кеткен шығындарды арзандату бағыты бойынша барлығы 13 487 млн тг болатын 2 өтінім және сүт өндіру бағыты бойынша барлығы 974 мың тг болатын 2 өтінім беріліп, мақұлданды. Тұқымдық түрлендіру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Егіншілік: Егіншілік саласы бойынша келесі бағыттырда субсидиялау қарастырылған:
- Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау.
- Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау.
- Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығыныңшығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіспен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау.
- Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау.