Аудандық іс-шаралар

Аудан әкімдерінің 2020 жылдағы есеп беру барысында айтылған
ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру бойынша
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
2020 жылғы 10сәуірдегі жағдай бойынша
Айтылған ескертулер және ұсыныстар
Орындалу жағдайы
(шешу жолдары)
Орындалу сатысы (орындалды / орындалуда)
Қарғалы ауданы
1. Бадамша ауылының БЖСМ (ДЮСШ) ғимаратының жанында жарық шамдарын орнату
БЖСМ ғимаратының бойында орналасқан Қ.Сәтпаев көшесіне жарық шамдарды орнатуға бюджет қаражатынан 4 млн 640 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда, ашық конкурс рәсімдері жүргізілуде. Тиісті жұмыстар 2020 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталатын болады.
Орындалуда
2. Бадамша ауылындағы Геологтар көшесінің екінші бөлігіне қиыршық тас төсеу
Геологтар көшесіне асфальт жабындысын төсеу бойынша жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Геолог көшесіне толықтай асфальт жабындысын төсеу құны 73 млн теңге. Бюджет қаражат есебініен тиісті қаражаттар бөлінуде. Асфальт жабындысын төсеу жұмыстары толықтай а.ж. қазан айына дейін аяқталатын болады.
Орындалуда
3. Бадамша ауылында тұрғындар қауіпсіздігі үшін қосымша бейнакамералар орнату
Бадамша ауылында қосымша бейнекамералар орнату бойынша тиісті қаражат бөлініп, бюджеттік коммисияда шешімін тапты. А.ж. шілде айында қосымша бейнекамералар орнатылатын болады.
Орындалуда
4. Бадамша ауылындағы Әуезов көшесінің автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жүргізу
Бадамша ауылындағы Әуезов көшесінің автокөлік жолын жөндеу жобасына ЖСҚ дайын, кешенді сараптамадан өтті. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 29 349 000 мың теңге бөлінді. Ашық конкурс бойынша мердігер «МагнумСтрой» ЖШС-сі мен келісім-шарт жасалынды. 2020 жылдың маусым-шілде айларында тиісті жұмыстар аяқталатын болады.
Орындалуда
5. Аудан орталығындағы орталық саябаққа жазғы суару жүйесінен қосымша құбыр тарту
Аудан орталығындағы орталық саябаққа жазғы суару жүйесінен қосымша құбыр тартуға бюджет қаражатынан 2 млн. теңгеге ұзындығы 1,5 км құрайтын тиісті құбырлар сатып алынды. Бұл 2020 жылдың мамыр айында жұмыстар толықтай аяқталып, суару жүйесіне қосылатын болады.
Орындалуда
6. Қосестек ауылындағы Балниязов көшесіндегі автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жүргізу
Қос-Естек ауылындағы Балниязов көшесіндегі жолды жөндеуге ЖСҚ дайын, кешенді сараптамадан өтті. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 19 469 000 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда, тиісті конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Тиісті жұмыстар а.ж. қыркүйек айына дейін аяқталатын болады.
Орындалуда
7. Әлімбет ауылында Ақтөбе облысының аумағы екені туралы белгі қою (арка немесе стелла орнату)
Әлімбет ауылына стелланы салу үшін аудандық бюджеттен 7 600 мың тенге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда, стелланы салу үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Орындалуда
8. Бадамша ауылындағы көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру
Бадамша аулында жалпы саны 35 көпқабатты үй бар. Оның ішінде кешенді түрде көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыру, асфальт жабындысын төсеу, шағын балалар алаңын салу бойынша бюджет қаржы есебінен 40 млн теңге бөлініп,тиісті мемлекеттік сатып алулар жүргізілді. Жұмыстарды 2020 жылдың мамыр айында бастау күтілуде.
Орындалуда
9. Петропавл орта мектебіне автокөлік сатып алу
Петропавл орта мектебіне УАЗ көлігін сатып алу үшін 8 млн теңге қаржы бөлінді.Мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу үшін өтінімдерҚР Қаржы Министрлігінің мемлекеттік сатып алу комитетіне жолданды. 2020 жылдың қазанайына дейін тиісті автокөлік сатып алынатын болады.
Орындалуда
10. Бадамша ауылындағы Абай тұйығына ағымдағы жөндеу жүргізу
Бадамша ауылы Абай тұйығындағы жолды жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалып, кешенді сараптамадан өткізілді. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 12 931 000 мың теңге бөлінді. Ашық конкурс бойынша мердігер «МагнумСтрой» ЖШС-і мен келісім-шарт жасалынды. Тиісті жұмыстарды ағымдағы жылдың мамыр айында бастап, тамыз айында аяқтау жоспарлануда.
Орындалуда
Қарғалы ауданы әкімі
аппаратының басшысы Е.Есімбаев
23.10.2018ж Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, өтініштері мен сұрақтарын тыңдады. Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарының сипатына қарай тиісті мекемелер басшыларына нақты тапсырмалар берді. #қарғалыауданы#Қарғалыауданыәкімдігі
"Zhas project" жобасы аясында Ащылысай ауылында "Золотая нить" шағын тігін шеберханасы ашылды.Шеберхана жұмысы көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тігін қызметтерін көрсетуге бағытталған. Ашылу рәсіміне ауыл әкімі А.Биманбаев қатысып, грант жеңіп алған тігінші қыздарға сәттілік және жобаның гүлденуін тіледі. Шара барысында жоба лидері Флек Тамила өз қолдарымен өрнектеген көрпешелерді мұқтаж жандарға табыстап, көпшіліктің алғысын алды.
Жұма, 12 қазан күні Қарғалы ауданына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Р.М.Медетов, облыстық мәслихат депутаты, департамент жанындағы арнайы мониторингтік топтың басшысы Т.Ж.Талаева және топ мүшелері келді. Аудан әкімі Асқар Жүсібалиев топ мүшелерімен бірге Қос Естек ауылдық округі мен аудан орталығындағы аурухана, мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы мен ішкі істер бөлімін аралап, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жүргізілген жұмыстармен танысты. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізіп, жеке қабылдау жүргізді.#қарғалыауданы #қарғалыауданыәкімдігі
Добавлено: 
21.07.2014 - 05:00
Последние изменения: 
10.04.2020 - 05:00