Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талдау

Биылғы жылғы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауының маңыздылығын аудан тұрғындарына түсіндіре, насиаттай жүре, консультативтік-практикалық көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі жанынан «Қарғалы» үгіт пойызы құрылған болатын.
Үгіт насихатшылар апта бойы ауылдарды аралап, бастауын Желтау ауылдық округіне қарасты Петропавол, Ш.Қалдаяқов ауылдарынан бастаған болатын. Келесі кезекте Әлімбет, Қосестек ауылдық округтерінде де болып қайтты. Үгіт –насихат тобына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Ізтілеу жетекшілік ете, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Байсеуіпов ауыл тұрғындары алдында елбасының көрегенді саясатының маңыздылығы, орындалу барысында ел, облыс, аудан көлеміндегі түсінік пен қатар орындау амалдарына да тоқтала жүрді. Аталмыш үгіт пойыз құрамында «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Надежда Заглядова, ауыл адамдары алдында елбасының партияға жүктеген маңызды тапсырмаларының маңыздылығын да айта жүрді.Сонымен қатар аудандағы әлеуметтік, кәсіпкерлік, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу бөлім мамандары да тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізе бағыт-бағдар бере жүрді. Кездесуде сөз алған Петропавл ОМ тарих пәнінің мұғалімі Салима Жанболатова мұғалімдердің еңбек ақыларының өсуіне риза бола, жауапшылықта зор екенін айта, кәсіби оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіншілік болғанына және оқу орынын бітіргендер келісімді мерзімнен кейін дипломдарын қолға алатындығы, мамандардың тұрақтылығына себепші боларына ұстаздар қауымы қуанышты екенін де жеткізді. Осындай ойлы көзқарасты Пацаев, Әлімбет орта мектептерінде ұстаздар атынан сөз алған мұғалімдер де ризашылықтағы сезімдерін көпшілік алдында жеткізді. Кездесу соңы жеке бұйымтайымен келген тұрғындарды үгіт пойызының құрамында келген аудандағы құзырлы мекеме мамандары жеке-жеке қабылдады. Аудандық орталық аурухана хирург дәрігері Серік Сағынғановтың жетекшілігімен терапевт дәрігер Ақдидар Танымбаева, балалар дәрігері Тоғжан Қызылбасовалар ауылдардағы емханаға келгендерді қабылдап, ақыл-кеңес берсе, ауылдардағы жүріс- тұрысы қиындаған үлкендердің үйіне барып, қан қысымдарын өлшеп көңіл-күйлерін көтеріп алғыстарына бөленді.Солардың бірі ҰОС ардагері, 90 жастан асқан қосестектік Алдияр Құрманғазин ақасақал болды. Тоқсаннан асқан қария ризашылықта қабылдап, барға шүкіршілік, күн- түн демей бізді іздеп жүрген сендер аман болыңдар деген батасын бере, ширақ қимылмен ақ халаттыларға ақ жол тіледі. Сонымен қатар шаштараз әр ауылда өз қызметін көрсетсе, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін ауылдықтарға тарту етті. Апта бойғы іссапар Степной, Қайрақты, Жосалы, Қарабұтақ ауылында болды. Айта кету керек, Қарабұтақ ауылы тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтар қойып, кездесуге белсенділік танытты. Ауылдарындағы мектепті сақтап қалуы үшінгі тірліктерімен бөлісті. Одан әрі сапар Херсон мен Велихов ауылдарында жалғасын тапты. Өткен аптаның сенбісінде апта бойғы кездесудің қорытындысындай болған кездесу Ащылысай ауылдық округінде өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Қайрат Ізтілеу жетекшілік етті. Кездесуге келгендер алдында «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Надежда Заглядова, үгіт пойызының басы-қасында жүрген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Байсеуіповтар үгіт пойызының негізгі мақсатымен таныстырып, елбасы жолдауын қысқаша таныстырып өтті.Сонымен қатар білім бөлімінің басшысы, әлеуметтік, кәсіпкерлік бөлімдерінің мамандары жеке қабылдау өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді. Білім бөлімінің басшысы Жолдас Карагулов Бозтөбе ауылы тұрғындарының күпті күдігін баса, қуанышты хабарды ала келді. Жаңа жылға тартудай болған қуанышты хабар, мектеп сол күйінде сақталып, әрі қарай жұмысын жалғастыра беретін болғанына қуанған мұғалімдер қауымы алғыстарын да жеткізді. Өткен іссапарлардың қорытындысындай өткен кездесу сәтін облыстық «Қазақстан-Ақтөбе» телевизия журналистері арнайы келіп, түсіріп, кездесуге келгендердің ой, пікірін де білді. Одан әрі ащылысай емханасының дәрігерлерімен кездесті. Үгітшілер болған қай ауыл болмасын, тұрғындар елбасының қиын-қыстауға қарамастан көрсетіп отырған көмегіне ризашылықта екені сөз ләмдерінен байқалып-ақ тұрды. Әсіресе әлеуметтік қызметкерлер, мұғалім мен дәрігерлерлер жасалған жақсылыққа еселеп еңбек етеміз деген анттай ойларымен бөлісіп, мінберлерде шаттана сөйлеп, баршаны еңбек пен бірлікке шақырғандай ризашылықтарын жеткізе айтты. Биылғы Жолдауды түсіндірмесінің бастамасы Ащылысай ауылында қортындыланып, келер жылы да жалғасы боларын көпшіліктің есіне салды. Кездесу соңында ауылдастары атынан сөз алған ащылысай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әкімгерей Каракулов ақсақал апта бойы ауыл-аймақты аралап жүрген үгітшілерге тұрғындар атынан алғысын жеткізе, ауылдастарын алда келе жатқан қос мерекемен құттықтады. Апталық кездесуде аудандық орталық аурухана ақ халаттылары әр ауылдағы үлкендердің үйіне барып, көмек қолын созса, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әр ауылда өнерлерін көрсете аязды күнді шуаққа айналдырғандай әсер қалдыра жүрді.
Үгіт пойызы болған ауылдық округ әкімдері ұйымшылдықта қарсы алып, тұрғындардың ризашылық алғыстарын жеткізді. Бақыт Имашев